Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды

0

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растаған. Ведомствоның мәліметінше, Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған. Әкімдік Оразбаевтың 10 қаңтарда жұмықа шақыртылғанын атап өтті. Алайда ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырған. «Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен бірге, ведомство Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелгенін хабарлады. Еске сала кетсек, бұған дейін қаңтардағы митингтер кезінде Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың неліктен жұмыс орнында болмағанын әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар айтып берген болатын.

Айта кетейік, 4 қаңтарда Атыраудың орталық алаңына мыңдаған адам жиналды. 5 қаңтар күні де митинг жалғасып тапты. Шерушілер Атырау облысы әкімдігінің ғимарат басып алуға тырысты. Салдарынан Атырау облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1 адам қаза тауып, 49 адам зардап шекті.