Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан бүтін бір жанұя ажал құшты — новости Казахстана

0

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылы маңындағы Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан бүтін бір жанұя ажал құшты. Оқиға 7 желтоқсан күні болған деп хабарлайды azh.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Анықталғандай, ВАЗ-21104 маркалы автокөлігі қарама-қарсы бағытқа шығып, жүк фурасымен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жеңіл автокөліктің 44 жастағы жүргізушісі мен оның әйелі, 15 жастағы қызы қайтыс болыпты.

Дәл сол күні Индер ауданы Құрылыс ауылындағы тас жолда КамАЗ 51 жастағы азаматты қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетіпті.

Қазір екі оқиғаға қатысыты сарапатама тағайындалды. Сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.