Атырау облысының тұрғындары теміржолды су құбыры арқылы кесіп өтіп жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысының Мақат ауданы Доссор ауылындағы екі ықшам-ауданның арасын теміржол бөліп тұрған көрінеді. Емханаға, балабақша мен мектепке немесе шенеуніктерге бару үшін олар су құбыры жолымен өтуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. 

труба

Сурет: azh.kz сайтынан

Бірлік және Ынтымақ ықшам-аудандарында тұратын халық бұл жағдайға үйреніп қалдық дейді. 

«Менің жасым 80-де, Бірлікте тұрамын. Мен де осы құбыр арқылы өтіп жүрмін. Түнде өте қараңғы, өзімізбен бірге қолшам алып жүреміз» , — дейді Тұрғали Дүйсенбеков. , 

«Оқушылар да мектепке барулары үшін осы құбырмен өтеді. Қар еріген кезде, іші суға толып қалады. Балаларымыз мектептен келгенше уайымдап отырамыз. Қанша жыл болды жаяу өткіншілер жолын сұрап жатқанымызға, еш нәтиже жоқ», — дейді жергілікті ауыл тұрғыны Қайрат Қасенеев. 

Мақат ауданынының әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов бұл жайт жайлы пікір білдірді. 

«Қазір бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы салыну жоспарлануда. Қазір біз жергілікті халықтың пікірін білмекшіміз. Оларға жер үсті әлде жер асты өткел ыңғайлы ма,  соны анықтаймыз. Қазір арнайы жобалар құрастырылуда», — деді шенеунік. 

Жергілікті халық бұл әкімдіктергілердің кезекті орындалмайтын уәдесі болмаса болды дейді. 

stan.kz