Атырау облысының полиция бастығы Аян Дүйсенбаев қызметінен босатылды

0

Атырау облысының полиция бастығы қызметтік этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсенбаев ат мініп, желіні шулатқаннан кейін қызметінен босатылды.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, президент әкімшілігімен келісілген бұйрыққа ішкі істер министрі қол қойған.

«Аян Дүйсенбаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін Атырау облысы полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Атырау облысының полиция бастығы Аян Дүйсенбаев өзіне сыйға берілген атқа мініп жатқан видео әлеуметтік желіде тараған соң қызметтік тексеріс басталған еді.

Аян Дүйсенбаев туралы не білеміз

Атырау облысының полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Аян Дүйсенбаев 1966 жылы дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде сот хатшысы сыйлық алғаннан кейін өзіне қол салды

Әр жылдары Атырау облысы ішкі істер басқармасының «Арлан» арнайы бөлімшесінің командирі,  ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы қызметін атқарды. Өңірдің полиция департаменті басшысы болып 2016 жылдың тамызында тағайындалған.



sputniknews.kz