Атырау облысының әкімі: Орынбасардың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетемін
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов сотта бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, қызметінен кететінін айтты.
«Заң бәріне бірдей. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сүйене отырып, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдау-қабылдамауды президент өзі шешеді», — деп Махамбет Досмұхамбетовтің сөзін келтірді «Ақ Жайық» газеті.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс бөлімінің басшысы Тимур Басаровтың ұсталғаны белгілі болды.
Кейінірек, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұтқындау фактісін растады, алайда мән-жайды хабарламады. Екі шенеунікте тергеу изоляторына қамалған. Іс «Қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара алу» бабы бойынша тергелді.
Айта кетсек, Нұрлан Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев оның ұсталуына байланысты әлеуметтік желісіндегі парақшасында түсініктеме берген еді. Қорғаушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер оларға тағылған айыптың мәнін бірден түсіндіре алмағанын атап өтті.
nur.kz