Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы мерт болды — Қазақстан жаңалықтары
Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы мерт болды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 22 ақпан күні орын алған. Қарабатан ауылындағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 1970 жылғы қытайлық азамат мерт болған. Ол монтажшы қызметін атқарған.
Бір күн бұрын Қытай азаматы өзін нашар сезінетіндігі жайлы айтқан, кейіннен медициналық көмек алған. Дәрігерлер оның қысымының көтеріліп кеткенін айтып, кардиологтың қарауына жіберген.
Келесі күні асханаға барар жолда, есінен танып құлаған. Дәрігерлер келе салысымен оның көз жұмғанын жеткізді. Дәрігерлер ми қан айналымының бұзылуынан көз жұмғанын хабарлады.
stan.kz