Атырау облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тапты
«Атырау-Ақтау» автожолында «Лада Гранта» және «Ниссан» автомашиналары соқтығысқан. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенше екі адам — ерлі-зайыпты қаза тапқан. Түрлі дәрежедегі жарақаттар алған тағы алты адам Мақат ауданындағы Доссор кентінің ауруханасына жеткізілді.
«Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама белгіленді», — деп мәлім етті Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат