Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

0
3
Advertisement

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Исатай ауданы дәрігерлік амбулаториясының екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем бригадасы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылының маңында болған.

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тас жолда жедел жәрдем әскери «КамАЗ»-бен соқтығысқан.

«Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болған. Олардың барлығы да ажал құшты», – мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы «КамАЗ» рөлінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болғанын нақтылады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз