Атырау облысында жаңадан коронавирус жұқтырғандар туралы не белгілі — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында COVID-19 коронавирус жұқтырған 4 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Біртанов: Коронавирус жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатыр

Науқастардың бәрі вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған.

Коронавирусты жаңадан жұқтырғандар Атырау қаласында — 3 адам, Жылыой ауданында — 1 адам анықталды. Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.  Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 7 сәуірдегі мәлімет бойынша аймақта COVID-19 коронавирус жұқтырған 36 адам анықталды.

stan.kz