Атырау облысында үш әйел мейрамхана алдында төбелесті
Мейрамханада бірге ішімдік ішкен үш әйел төбелесіп қалды.
Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтар күні сағат 03:29-да Азаттық көшесінің бойында орналасқан Vivaldi мейрамхана-барының алдында 32, 33 және 28 жастағы әйелдер төбелес шығарған.
«Артынша олардың Vivaldi барында бірге отырып ішімдік ішкені және төбелескен кезде аздап мас болғаны анықталды. Әкімшілік құжаттар толтырылып, шешім шығару үшін сотқа жолданды», — деді полиция департаментіндегілер.
Сондай-ақ, Атырау облыстық бас санитар дәрігердің қаулысына қарамай жұмыс істеген Vivaldi мейрамханасына қатысты да тиісті шаралар қолданылды.