Атырау облысында полиция департаменті бастығына ат мінгізді

0
94

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Видео  желіде жарияланған соң қызметтік тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде тараған видеода Атырау облысының полиция департаменті басшысына ұқсас адамға ат мінгізеді.

Кадрларда сыйлық ретінде сәйгүлікке ие болған ер адам халықтың қошеметімен атқа мінген.

Тағы оқыңыз: Атырау әуежайында полиция қызметкері әйелге оқ атты – видео

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.



sputniknews.kz