Атырау облысында коронавирустан үшінші адам көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында коронавирустан үшінші науқас көз  жұмды. Бұл жолы 72 жастағы әйел бақилық болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Облыс әкімідігінің мәліметінше, марқұм Құрманғазы ауданында тұрған.

«Ақкөл ауылының 72 жастағы тұрғыны екі жақты пневмониямен аудандағы орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Зейнеткер әйелде артериалды гипертензия, тамырдан шыққан прогрессивті дискркуляторлы энцеопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит аурулары болған», — деді мекемеде.

4 маусымда науқастан коронавирусқа сынама алынған. Ал, 6 маусымда талдау қорытындысы COVID-19 барын көрсеткен.

«Бұдан кейін науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындап еді. Бірақ, оның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Алайда, бұл нәтижесіз болды. Өкінішке қарай, науқас көз жұмды», -деді облыс әкімідігінде.

stan.kz