Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар анықталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қазіргі уақытта 124 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстанда тағы үш адам коронавирус жұқтырды, олар Атырау облысында тіркеліп отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

«27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді», — делінген хабарламада. 

Сонымен, қазіргі уақытта дертке шалдыққандар саны 124-ке жетті: Нұр-Сұлтан қаласында — 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында — 4 адам, Жамбыл облысында — 3 адам, Атырау облысында — 3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам.



sputniknews.kz