Атырау облысында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел дені сау нәрестені дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жаңа туған қыз бен ұлды12 мамырда дүниеге келді. Толғақты білікті хирургтар, облыстық аурухананың анестезиологтары, сондай-ақ Атырау облыстық перинаталдық орталығының реаниматолог-дәрігерлері, гинекологтар, акушерлік құрамы мен неонатологтары қабылдады.

Салмағы 3,620 келі және бойы 53 сантиметр болатын қызды 29 жастағы әйел кесарево-операция арқылы дүниеге әкелген. 24 жастағы келіншек салмағы 4,270 келі және бойы 56 сантиметр болатын ұл босанды.

Жаңа туған нәрестелерде Covid-19-ға талдау алынды, оның нәтижелері жақын арада белгілі болады.

«29 және 24 жастағы жүкті әйелдер коронавирусты симптомсыз расталған жағдайында жүктіліктің 38 аптасында инфекциялық стационарға жатқызылды. Жұқпалы аурулар бөлімінде босанған әйелдер емін хаттамаға сәйкес жалғастырады», — деді Атырау облыстық №2 аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиева.

Жаңа туған нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы өңделген таза палатаға ауыстырылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің бақылауында болады.

 

stan.kz