Атырау облысында келіні ұйықтап жатқан енесінің 3 млн теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында келін енесінің 3 млн теңгеге жуық ақшасын ұрлап істі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысында келіні ұйықтап жатқан енесінің 3 млн теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті

«Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты азаматшаға қарсы қылмыстық іс қозғады. Ол үйдегілердің бәрі ұйықтап жатқанда енесінің бөлмесіне кіріп, ақша мен құнды зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Осылайша жәбірленушіге 2 808 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген», — деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Негізгі сот талқылауы барысында айыпталушы кінәлі деп танып, жәбірленушіден кешірім сұрады. Жәбірленуші қылмыстық сот ісін тоқтатуды өтінді.

«Сотта жәбірленуші айыпталушының ұлының әйелі, немерелерінің анасы болғандықтан оны кешіретінін айтты. Ол айыпталушымен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Зорлық-зомбылық пен татуластыққа байланысты сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатты», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

stan.kz