Атырау облысында карантин ұзартылды

0
0

Атырау облысында карантин режимі ұзартылды. Қаулы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылды.

Бұрынғы қаулыға өзгертулер енгізілді:

– InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын және  50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың, театрлардың, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілсін;

– InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып , сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30пайыздан аспайтын , бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне  алдын ала жазылу бойынша рұқсат етілсін;

– күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30 пайыздан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

– күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарыныңбалалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін

– InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы  күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне  рұқсат етілсін;

– InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын және  50 адамнан аспайтын жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

– мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық  режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 60 пайызы (штат кестесінде 30-дан аса қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

– балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметін тоқтата тұру.

Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз