Атырау облысында ер азамат көршісінің итін өлгенше ұрып тастаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысының тұрғыны көршісінің итін өлімші етіп сабап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ит

Оқиға 7 маусым күні Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылында орын. Ер азамат ауыл шаруашылығының затымен итті өлгерше ұрып тастаған. 

«Индер ауданында үй жануарына қатысты қатыгездік оқиғасы тіркелді. Полиция қызметкерлері жасаған қылмысы үшін жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша тергеу изоляторына жапты», — делінген ресми хабарламада. 

Соңғы кездері елімізде үй жануарларына көрсетілген қатыгездік оқиғалары көбейіп кетті. Мәселен, бұған дейін Атырау облысының тұрғыны иттің басын тоңызытқышқа қысып тұншықтырса, Петропавл тұрғыны үй жануарын төртінші қабаттан лақтырып жібергені белгілі болды. Ал Алматы облысында екі жасөспірім күшікті тірідей қапқа салып, өртеп жіберген.

Осыған орай қоғам белсенділері Қазақстанда жануарларға көрсетілген қатігездік үшін жазаны ауырлату талап еткен еді. 

stan.kz