Атырау облысында болған төбелес атысқа ұласып, адам өлімімен аяқталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында төбелес кезінде оқ атып, кісі өлтірді деген күдікке ілінген бір адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қару

«Мақат кентінде 1985 жылы туған жергілікті тұрғын атыс қаруынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтады, олардың біреуі ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша жүргізіледі. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол бермеу туралы қаулыға байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген аймақтың полиция департаментінің хабарламасында.

15 мамыр күні Атырау облысының Мақат ауылында жаппай атыс болып, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.

Ресми емес ақпарат бойынша, бұрын жергілікті тұрғындардың екі тобы арасында жанжал болған. Төбелес кезінде аңшы қаруы қолданылған. 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, 29 жастағы ер адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз