Атырау облысында бір ғана оқушы білім алып жатқан мектеп жабылды

0

Биылғы жылы бір ғана оқушы оқитын Кенбай кентінің мектебі жабылды. Ауылдағы қалған балаларжың жасы мектепке баруға әлі ерте болып шықты. Ал мұғалімдер жұмыссыз қалмас үшін бүгінге дейін сабақ беруді жалғастырып келген.

Бірақ шенеуніктер мектепті жабуға шешім қабылдады. Олар жалғыз оқушы үшін оқу орнын қаржыландыру мүмкін емес дейді.
Енді үшінші сынып оқушысы көрші ауылға білім алу үшін барады. Мұғалімдер де сонда ауыстыруға уәде береді.

«Облыс әкімінің қаулысына сәйкес Кенбай кентіндегі мектеп жабылды. Қазір ұжымға жалақы төленуде. Осыдан кейін мұғалімдерді басқа жұмысқа ауыстыру нұсқалары қарастырылады. Ал оқу орнының ғимараты ауыл әкімдігінің балансына беріледі», — деді Атырау облысы білім басқармасының бөлім бастығы Айнагүл Жұмағазиева.

фото: orda.kz