Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Махамбет Досмұхамбетов

Сурет: kazenergy.com

«Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын», — деп жазылған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Осы уақытқа дейін Атырау облысының басшысы болған Нұрлан Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалуына қатысты қызметінен босатылды. 

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. И.М. Губкин атындағы мұнай және газ институтында білім алған. 1983-1989 жылдары «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлау басқармасының геологы, аға геологы, бас геологы қызметін атқарған. 

1989-1991 жылдары – «Ембімұнай» ӨБ Доссормұнай газ өндіру басқармасының геологиялық бөлім бастығы, «Мақатмұнай» газ өндіру басқармасының; 1991-1996 жылдары – «АНАКО» АҚ «Мұнай» БК бас геологы болған.

1996-1997 жылдары – «Ес-бол» ЖШС директорының техникалық мәселелер бойынша орынбасары.

1997-2002 жылдары – «Ембімұнайгаз» АҚ геология бөлімінің бастығы, «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ менеджері, директордың орынбасары, геология департаментінің директоры, геология және игеру департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – «Қазмұнайгаз» ҰК ЖАҚ келісімшарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары.

2003-2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК-індегі үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары. 2006-2009 жылдары – «ҚазГерМұнай» БК ЖШС бас директорының орынбасары және бас геологы.

2009-2012 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары.

2012-2013 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі.

2013 жылғы қыркүйектен – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры, басқарма төрағасы.

2016 жылы бірінші энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен марапатталған.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрлан Ноғаевтың энергетика министрі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік. 

stan.kz