Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары сот шешімінен төрт ай өткен соң босатылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Екі жылға бас бостандығынан айырылған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова сот үкім шыққан кейін төрт айдан соң босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсәуле Сайлауова

«Жаңа ғана Атырау облыстық соты менің қамқорлығымдағы азаматшаны қамаудан босатуға қаулы етті, облыстық прокуратураның наразылығы қабылданбады», — деп жазды әлеуметтік желіде Сайлауованың заңгері Анара Құсайынова.

Сонымен қатар, ол Сайлауованы «ақтамады, ал ол үшін негіз бар» екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 18 наурызында Сайлауова ҚР ҚК-нің «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету», «пара алу», «Алаяқтық», «билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» баптарында көзделген қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Аталған қылмыстық іс бойынша Атырау облыстық әкімдігі жәбірленуші тарап болып танылды. 6 қаңтарда № 2 Атырау қалалық соты Сайлауованы екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот екі жылға облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиевті және төрт жылға оның орынбасары Роза Қабдулованы бас бостандығынан айырды.

 

stan.kz