Атырау мұнай өңдеу зауыты басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

0

Ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттіктің Атырау облысындағы департаменті өңірдің прокуратураның үйлестіруімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты тергеу бастаған. Күдіктілер мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша тергеуге ілінген. Бұдан өзге мәліметті агенттік заңға сілтеп таратпады.

 Ulysmedia.kz бұған дейін аталған мұнай өңдеу зауытында кім кіммен күресіп жатқаны жөнінде сұраққа жауап іздеген болатын. Ол жерден Ғалымжан Жусанбаевтың кеткеннен кейін үлкен дау туындаған еді.