Атырау әуежайында Қытай азаматтары шу шығарып, қызметкерлерге тіл тигізген

0
1023

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар орташа деңгейде мас болған

Қытайдың екі азаматы Атырау – Астана рейсінен түсірілді. Жолаушылар өздерін дөрекі ұстап, тіркеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған.

Шу шығарғандар туралы Air Astana әуекомпаниясының өкілдері Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлаған. Қызметкерлердің айтуынша, жолаушылар мас әрі дөрекі болған, ескертуге құлақ аспай, әуежай жұмысшыларына тіл тигізіпті.

Тексеру барысында анықталғандай, 40 және 50 жастағы екі қытай азаматы тәртіп бұзған екен. Көліктік полиция қызметкерлері оларды рейстен түсіріп алды. Екеуі де орташа деңгейде мас болыпты.

Бішкектен шыққан ұшақ апатқа ұшырады

Полицейлер олардың әрқайсысына 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салды. Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да тәртіп бұзушыларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/