«Атына заты сай болсын»: Әбдіхалықов жетінші перзентіне берген есімнің мағынасын түсіндірді

0
491

Отандық танымал продюсер әрі актер Сәбит Әбдіхалықов жаңа туған ұлына Абадан деген есім берген. Ол желіде бұл есімнің мағынасын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жолдап жатқан барша достары мен оқырмандарына алғысын білдірді. «Қадірлі ағайын, бірнеше күннен бері менің қуанышымды бөлісіп, жақсылығыма ортақ болып жатқан достарыма, туған-туысқа, жалпы қазақ жұртына алғысымды білдіремін. Ұлымның есімін ақылдаса келе, Абадан деп қойдық. Абадан есімінің мағынасы көкжалдардың үйірін бастайтын қолбасшы, ержүрек бөрі дегенді білдіреді. Атына заты сай азамат болсын. Қуанышты бөліссең көбейеді. Әрбіріңізге осындай жақсылық жұғысты болсын», — деп жазды Әбдіхалықов. Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллина жақында тағы бір ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл өнер иесінің үшінші некедегі екінші перзенті. Актердің бірінші некеден бір ұлы, екінші некеден төрт қызы бар. Отағасы барша достарын жинап, келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды.