«Атың шықпаса жер өрте»: «Маған тұрмысқа шық» деген ұсынысты отты жазулармен жазып қойған жігіт сынға қалды (видео)

0
93

Әлеуметтік желіде жүріп жүрген қызына сөз салған жігіттің видеосы тарады. Оқиға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің алдында болған, деп хабарлайды кznews.kz сайты.

Өзінің қызына ұсыныс жасамақ болған жігіт оқу орнының алдына «Маған тұрмысқа шық» деген ұсынысты отты жазулармен жазып қойған.

Бұдан бөлек алаңның алдына раушан гүлдерінен жүрек жасап дайындаған. Алайда қыз белгісіз себеппен ол жерден қашып, жігіттің ұсынысын қабыл алмаған.

Адамдар: «Әлемде өз сезімін ешкімнен жасырмай, бәріне паш ете алатын жігіттер әлі де бар екен ғой» деп тамсанып та, «Маған осылай біреу ұсыныс жасаса ғой» деп тілеуін тілеп жатыр.

Енді біреулер «Атың шықпаса жер өрте», «Енді штраф төлейсің, ана жер өртеніп кете жаздады ғой» деп сынға алып жатыр.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.