«Атын айтуға мәжбүр болдым»: Шымкенттік келіншектің атын жамылған Өзбекстан тумасы оны жезөкшелер тізіміне тіркеткен — Қазақстан жаңалықтары
Шымкент қаласы тұрғынының атын белгісіз әйел жамылып наркологиялық орталықта емделген. Онымен қоса есімін жекөзшелер тізіміне тіркепті. Ең сорақысы туған сәбиін де Динара Артықованың атына жазып қойған. Қазір сәби балалар үйінде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» сайтына сілтеме жасап.
Динара Артықова өзінің есімін басқа әйелдің жамылып жүргенін білгенде уайымнан ауырып қалған.
«2018 жылы аяғым ауыр кезде учаскелік медбикеме барып жүргенде ол менің Астанада наркологиялық орталықта тіркеліп тұрғанымды айтты. Мен тіпті Астанаға өмірі барып көрмегенмін. Маған қатты ауыр тиді. Сөйтіп жатып қалдым. Былтыр полиция мені іздеп келіп құжаттарды көрсетті. Сол кезде шок болдым. Менің жеке куәлігімнің көшірілген нұсқасын бірінші бетке қойып қойған. Ашсам дәрігерлердің диагноздары тұр. Ішінде полицияға дөрекі көрсеткен, беті қызарып кеткен, шошаңдап басады деп жазылған. Сөйтіп екі полицияның біреуі «мен көрген кісі бұл емес» еді деді. Мені өздерімен бірге баруын айтты. Мен наркологиялық орталықта емделген жоқпын деп дәлелдеуге тырыстым», – дейді Динара Артықова.
Ал Өзбекстаннан келген Наргиза Ходжаеваның айтуынша, полиция қызметкерлері оның есімін Динарамен шатастырып алған. Сөйтіп оны жезөкшелер тізіміне тіркеп қойыпты.
«Екінші күйеуім мені моншаға апаратын. Ол кезде қызыма жүкті едім. Сол кезде күйеуім екеумізді бірге ұстайтын. Мен ештеңе айта алмадым, жылай беретінмін. Бізді полиция департаментіне алып барды. Мен ештеңе айта адмадым. Бұл кісіге балаларыма банкоматыман ақша аударып отыратынмын. Сол кезде сөмкемді ақтарып балаларыма ақша жіберіп жүрген чектерді жинап жүретінмін. Соны алды да «Бұл сол, ұқсайды» деді. Мен емеспін десем де қарамай қойып тастаған», – дейді өзін жезөкшелер қатарына тіркеп тастағанын айтқан Наргиз.
Наргиз Өзбекстаннан Қазақстанға осыдан он алты жыл бұрын көшіп келген. Алайда құжаттары жоқ. Осының кесірінен өзі туған қызын өзгенің атына жазып жіберіпті. Енді перзентханада берілген құжатта кішкентайдың анасы ол емес. Полицейлер үйіне келіп, құжаттарды тексергенде, осы жайтты байқап қалған. Сөйтіп, баланы өздерімен алып кеткен екен. Содан бері ол қызын бір көруге зар. Бұдан басқа Наргизаның төрт баласы бар.
«Екінші күйеуім де ішіп келіп ұратын. Талып қалғанмын. Ешқандай дәрігерлер қарамайды. Толғағым қатты келіп жатқанда осы кісі есіме түседі. Баланы аман қалып қалу керек болады. Сол үшін осы кісінің атын айтуға мәжбүр болдым», – дейді Наргиз.
Наргиздің құжаттарын бірінші күйеуі өртеп жіберген көрінеді. Алайда, әйелдің бұрынғы күйеуі оның жеңіл жүріске салынып кеткенін айтады.
stan.kz