«Атымды атап шақырады, бетімнен сипап кетеді»: Қазақстандық әйел үйінен үнемі «домовойды» көретінін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының тұрғыны Светлана Берекеева үйінде «домовойдың» барын айтты. Жалпақ жұртқа «домовой» атымен таныс мақұлықтан Светлана алғашында қатты қорыққан. Ал, қазір үрейге бойы үйреніп кеткен сыңайлы. Қасымда жүрсе де, мән бермеймін дейді.

Разработка ведётся круглосуточно  Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/razrabotka-vedetsya-kruglosutochno-o-vakcine-protiv-koronavirusa-rasskazali-kazahstanskie-uchenye_a3635598

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқатқа» сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ «домовойды» үй иесі деп атайды. Светлана Берекеева үйінде «домовоймен» тұрып жатыр. Оны алғаш 8 жыл бұрын байқаған. Қазір бойы үйренісіп кетіпті. 

«Атымды айқайлап шақырады. «Света» деп үш рет айқайлайды. Ұйықтап жатсам, бетімнен үрлеп кетеді. Үйдегі заттарды шашып тастайды. Таңертең тұрғанда балаларымның ойыншығы шашылып жатады. Носкилеріміз әр жақта жатады. Ұйықтап жатсаң, көрпемді тартады. Бетімнен сипайды. Бірақ оған мән бермеймін. Маған ешқандай зиян да тигізбейді. Маған ғана емес, оның бары анама да сезіледі», — дейді Светлана.

Светлана екі баланың анасы, күйеуімен ажырасып кеткен. Анасымен бірге көп қабатты үйде тұрады. Мұндай тылсым жайттарды Светлананың анасы да байқаған екен. 

«Кейде үстіме мысық секіріп мінгендей болады. Не біреу жанымнан өтіп кеткендей леп сезіледі. Бетімнен үрлеп кетеді. Түрін көрген емеспін, бірақ үнемі даусын-дыбысын естимін. Мен өзім бес уақыт намаз оқитын адаммын. Бісміллімді айтып, кәлима қайырсам, жоқ болып кетеді. Бірде ұйықтап жатсам, аяқ жағымда біреу журналды парақтап отырғандай дауыс шықты. Шытырлаған даусын естіп жаттым. Бір-екі минуттан кейін қараса, ешкім жоқ. Қызым ғана емес, немерем де көріпті. «Қап-қара құбыжықты ұстап алып, балконнан лақтырып жібердім. Содан бері маған тиіспейтін болды» деген еді. Сонда немеремнің көзіне де көрінген екен», — дейді Светлананың анасы Нәбира Айымбетова.

Светлананың өзі үй иесінің зияны жоқ десе де, кейбір келеңсіз жайттар болатынын жасырмайды. 

«Мен оны естімесем де, ол мені еститінін білем. Сондықтан оған кәмпит қойып кетемін. «Мынаны саған қойдым» деп айтамын. Таңертең кәмпит жоқ болып тұрады. Бір күні қызым шыңғырып жылап, шошып оянды. Қарасам маңдайында саусақтың ізі тұр. Біреу сырып өткендей. Таңертең қарасам, әлгі із жоғалып кетіпті», — деді ол.

Бағдарламаға келген имам мұны жын-шайтан деп атап көрсетті.

«Мұндай оқиғалар болады. Біз жын-шайтанды көрмейміз. Олар бізді көреді. Біздің айналамызда жүреді. Жындардың мұсылманы, кәпірі болады. Кәпірін шайтан деп атайды. Бұл кісінің көргені сондай нәрселер. Бірақ оны жүз пайыз анық көрмеген. Құранда айтылады: «Бақара» сүресі оқылмаған жерге жын иектейді делінген», — дейді имам Сейітбек Құтышев.

Алайда Светлана көзімен көргенін жын-шайтан емес, ол «домовой» деп сендіргісі келеді. Оның түсінігінде «домовой» жындардан бөлек. «Домовойды» үйінде ғана емес, өзгелердің үйінен де көреді екен. 

«Басқалардың үйінен де көрген кезім болған. Олардың тұрпаты, түрі басқа болады, бірақ бір-біріне ұқсайды. Жындарға ұқсамайды. Жындарды да көргенмін. Жындардың еркегінің бойы 20 см, ұрғашысының бойы ұзын арық болып келеді. Менің айтып отырғаным жын емес», — деді Светлана. 

Имамның айтуынша, жындар адамға әртүрлі бейнеде адам көзіне көріне беретінге ұқсайды. 


Тағы оқыңыз:

«Әлемде 5 мыстан бармыз, біз түнде жиналамыз»: Ханша мыстан адамды қалай дуалайтынын көрсетті

«Жындармен төбелесіп, мен жеңіп шықтым»: Ақтөбелік әженің әңгімесі жұртты шошытты


 

stan.kz