«Аты тұрмақ тегін білмеймін»: Ақтау тұрғындары әкімдерін танымайтын болып шықты (видео) — новости Казахстана

0

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов жақында халықпен есептік кездесуін өткізді. Қаланы 2017 жылдың қарашасынан беріп басқарып келе жатқан шенеунікті қала халқы қаншалықты танитынын Lada.kz тілшілері анықтап көрді деп жазады NUR.KZ.

tumba.kz

Фото:tumba.kz

Сауалнама нәтижелері таңғалдырды. Сұқбат бергендердің барлығы дерлік Ғалымжан Ниязовты танымайтын болып шықты.

«Аты тұрмақ тегін білмеймін», «Аты-жөнін білмеймін. Ол көрінбейді, одан еш хабар жоқ», «Шынымды айтсам, білмеймін» — деді тұрғындар.

Тек бір тұрғын Ақтау қаласының әкімінің аты-жөнін дұрыс айтты.

Қалған тұрғындар қала әкімін танымайды немесе облыс басшысы Ералы Тоғжановпен шатастыратын болып шықты.

Қала тұрғындарынан әкім келгелі не өзгергенін де айта алмады.

«Оны мүлде көрген жоқпын», «Олар тез ауысады», «Қашан ауысқанын да білмеймін. Бұрынғы әкімнің, қазіргі басшының қандай жұмыс атқарғанын білмеймін», деп пікірін білдірді ақтаулықтар.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz