Аты аңызға айналған ұшқыш Нұркен Әбдіров жайлы жаңа фильм

0

Sputnik Қазақстан оқырмандары Нұркен Әбдіровтің ерлігі жайлы фильмді алғаш болып көру мүмкіндігіне ие болып отыр

«Қазақфильм» киностудиясының бұл туындысында 1942 жылдың желтоқсанында әскери тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ерлігі баяндалады. Ол өзінің жалын шарпыған Ил-2 ұшағын фашистердің әскери техникасы шоғырланған тұсқа қарай бағыттап, ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы және Нұркен Әбдіровтің туған жері – Қарағанды облысында өтті.

Оқи отырыңыз: Нұркен Әбдіров туралы фильм қалай түсірілді

Түсірілім тобы Волгоградта болған. Ол жерде Мамаев қорғанында Нұркен Әбдіровтің аты жазылған мәрмәр тақта орнатылған. Сонымен қатар фильмді түсіргендер ұшқыш қаза болған Ростов облысының Боков ауданында да болды.

Фильмде сол кездегі оқиғаларды көрсету үшін архив хроникасы мен компьютерлік графика қолданылды. Фильмге тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің естеліктері де енгізілген.

«Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ішіндегі кенжесі» деректі фильмі халықаралық фестивальдерге қатысып жатқандықтан, фильмді бір тәулік ішінде ғана көруге мүмкіндік бар. Оны 8 мамыр сағат 15:00-ден 9 мамыр 15:00-ге дейін Sputnik Қазақстан сайтында және Sputnik Қазақстанның YouTube арнасында көруге болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз