Аты аңызға айналған Марадона өмірден озды
Аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60 жасында қайтыс болды.
Қараша айының басында Марадона миына қан кетіп, ауруханаға жатқызылған, 11 қарашада ол үйіне жіберілген. Ал бүгін БАҚ-тарда аргентиналықтың жүрек талмасы ұстап, ауруханаға ауыр халде жеткізілгені хабарланған.
Марадона Гимназияны 2019 жылдың қыркүйегінде қабылдады. Оған дейін 59 жастағы маман БАӘ-ден мексикалық «Дорадос», «Аль-Васл» және «Аль-Фуджейра» клубтарында жұмыс істеген, сондай-ақ Аргентина құрамасын басқарған.
Марадона өзінің клубтық мансабында 492 кездесу өткізіп, онда 258 гол соққан. Аргентина құрамасы үшін ол 91 матч өткізіп, 34 гол соқты.