Аты аңызға айналған баскетболшы өлімі: Коби Брайант несімен есте қалды

0

https://sputniknews.kz/images/1265/36/12653621.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/photo/20200204/12734504/KobiBrayant-nesimen-estekaldy.html

Баскетболшы мен оның қызы отырған тікұшақ Лос-Анджелес маңында құлады. Әуе апатынан ешкім тірі қалмады. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлер аты аңызға айналған спортшының өліміне қайғыруда

Танымал америкалық баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты. Онымен бірге бортта тағы тоғыз адам болған, олардың қатарында 13 жастағы қызы Джанна да бар. Бәрі көз жұмды.

Коби Брайант – НБА-ның бес дүркін чемпионы.

Тағы оқыңыз: Аты аңызға айналған спортшы мен 13 жасар қызы қаза болды — видео

Спортшы НБА-да 20 маусым бойы «Лос-Анджелес Лейкерс» үшін өнер көрсетті. Бес рет чемпион болды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысты. Тұрақты чемпионаттың ең қымбат ойыншысы, екі рет плей-офф финалдық сериясының ең қымбат ойыншысы атанды.

Аты аңызға айналған баскетболшы бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріне қандай болып есте қалды? Бұны Sputnik фотолентасынан көріңіздер.



sputniknews.kz