аттракциондардың қауіпсіздігіне арналған ұлттық стандарт енгізіледі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүгінде батут орнатып, пайда тауып жүрген кәсіпкерлердің біразы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер балаларды батутқа апармауға кеңес берді. Себебі оларды пайдалану кезінде көп жағдайда қауіпсіздік талаптары сақталмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комитет басшысының айтуынша, биыл 1 шілдеден бастап аттракциондардың қауіпсіздігіне арналған ұлттық стандарт енгізіледі.

«Қазіргі кезде аталған құжат индустрия және инфрақұрылымдық даму мининстрлігіне қол қоюға жіберілді. Оны келесі аптада рәсімдейді деп ойлаймын. Ал 1 шілде күні ұлттық стандарт заңды күшіне енеді. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бақылаушы функциясын атқаратын болады», — деді Беккер баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық стандарт енді ғана енгізіліп жатса да, батут сияқты аттракциондарды қолданатын кәсіпкерлер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Ол өнімді шығарған зауыт та техникалық талаптарды жазып отырады. Бұдан бөлек, Кедендік одақтың арнайы техникалық регламенті бар. Оған сәйкес, әрбір өнімге арнайы кәулік беріледі.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда батут аударылып, бір бала қаза болды

«Мысалы, өндіруші зауыт батутты бекітудің нақты тәсілдері мен құралдарын көрсеткен. Жерге қазық қағылады. Ал асфальт немесе соқпақ тастар болса, ол жерге батутты ұстайтын блоктар қойылады. Ол блоктардың салмағына дейін жазылған. Сосын батуттың жанында термометр және желді өлшеу құрылғысы болуы шарт. Желдің жылдамдығы шамадан асып кетсе, батутты қолдануды дереу тоқтату қажет», — дейді Беккер.

Комитет басшысы Қарағанды қаласындағы қайғылы оқиғаның осы ережелерді сақтамау салдарынан болғанын да жеткізді. Енді, оның иесін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Ашығын айту керек, бізде батуттар қолдан-қолға көшіп жүреді. Мұндай кезде құжаттар да, өндіруші зауыттың ережелері де сақталмайды. Қазір интернетті ашсаң, батутты сатататындар өріп жүр. Онда пайда табудың жолдарын да үйретеді. Ал қауіпсіздік ережелерін айтпайды», — деп атап көрсетті Беккер.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, батутқа мінетін балалардың жасы ғана емес, салмағы да ескерілуі шарт. Себебі бір жерде салмағы ауыр біреу қатты секірсе, кішкентай бала батуттың сыртына ұшып кетуі әбден мүмкін. Техникалық регламент бойынша батуттағы ауа үрлейтін құрылғыларды да қоршап қою қажет. Себебі балалар оған қолын салып жіберуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті

«Өкінішке қарай, біз тиісті куәлікті де сұрамаймыз. Мен өзім 1 шілдеге дейін батуттарға бармауға кеңес берер едім. Сосын қауіпсіздік шаралары сақталмаған батуттар бірден көрініп тұрады ғой. Барлық ата-аналар, алдымен, қауіпсіздік шараларына назар аударсын деймін. Қауіпсіз батуттар бар. Бірақ ауа-райына да, батуттың жағдайына да, ол жерде ойнап жүрген балалардың санына да баса назар аударған жөн», — деді Беккер.



sputniknews.kz