«Әттең, әнші болмаймын деді»: Мақпал Жүнісова қызының ән шырқаған видеосын көрсетті (ВИДЕО)

Мерей Нұрқадилова қазір ағылшын тілінің аудармашысы
Танымал әнші Мақпал Жүнісова қызының концертте өнер көрсеткен сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мерейжанымның 9-шы сыныпта оқып жүргенінде менің концертімде салған әнінен үзінді. Әттең, әнші болмаймын деді. Алпыс жасқа келгенде айтқыза алмадым, тек үйде, жол жүргенде ғана көлікте айтады. Соған да тәубе деп қоямын. Өнер жолының қиын екенін біліп қойған ғой», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Мерейдің талантын бағалап, оның қандай кәсіп таңдағанын сұрады.
«Бір жыл ағылшыннан сабақ берді. Қазір ағылшын тілінен аудармашы», – деп жауап берді Жүнісова.