АТТ Астанадағы курстарын қорытындылады — Білім & ғылым|30 Қараша 2018, 20:23
Фото: ©
«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен — «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асырып жатыр.
2018 жылдың 29 қарашасында Астана қаласында жоба шеңберінде өтіп жатқан ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының бесінші кезеңі аяқталды.
Аталмыш іс-шараға Астана қаласының және республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде: жалпы білім беретін негізгі мектептердің директорлары мен зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары; мемлекеттік қызметкерлер; құқық қорғау органының өкілдері; спортшылар; үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Семинар Президент әкімшілігі секторының меңгерушісі Шойкин Галымның «Қазақстан Республикасының конфессияаралық саясаты: сын-тегеуріндері, мәселелері мен шешімдері. Дін мәселелері жөніндегі АТТ тиімділігінің мәселелері: қорытындысы және болашағы» тақырыбында сөз сөйлеуімен қорытындыланды.
Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды, соның ішінде — бірнеше қатысушыға ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» және «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәліктері берілді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ