«Атқарылған шараның барлығы бірыңғай жақсы болған жоқ»: Дәурен Абаев министр ретіндегі қызметінің қорытындысымен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасының бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президент әкімшілігіне ауысқан болатын. Өзінің жұмысының қорытындысын жайлы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АбаевЭкс-министр өзіне тілектес болған қазақстандықтарға алғысын білдірді. 

«Құрметті достар! Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет», — деп жазды Абаев. 

Экс-министр жаңа лауазымды үлкен мәртебемен қабылдайтынын атап өтті. 

«Мемлекет маған үлкен үміт артып отыр, сол себепті оны ақтау үшін бар күшімді саламын. 4 жылда біраз жұмысты іске асырдық. Барлығы бірыңғай жақсы болды деп айта алмаймын. Бірақ біз мемлекеттің мүддесі үшін еңбек еттік», — дейді ол. 

Сондай-ақ ол еліміздің жаңадан тағайындалған ақпарат министрін жаңа лауазымымен құттықтады. 

 

 

stan.kz