АТФБанктің кредиттік күнтізбесінде – 15 ай! — Қазақстан жаңалықтары

0

Біз әлемнің өзгеріп тұратынына бейімделіп алғанбыз, ал оны болдырмай тастау жағдайымен бірінші рет кездесуіміз. Футбол бойынша Еуропа Чемпионаты,  сән апталығы, олимпиада және біздің ертеңгі күнге деген сеніміміз…

Бұрын бәріміз кредиттік міндеттемелеріміз ғана өмірде өзгермейтін шығар деп қобалжушы едік! 

CoViD-19 қатері, енгізілген ТЖ және бас көтерген қаржылық дағдарыс жағдайларында АТФБанктің барлық өз клиенттеріне іс жүзінде қолдау көрсетуге дайын екені нақты жәйт. 

АТФБанк өтінім бойынша комиссиялар мен айыппұлдарсыз кредиттік төлемдер мерзімін кейінге қалдыру (ШОБ және жеке тұлғалар үшін) және келесі қарыз алушылар үшін жеңілдетілген ресімдеу шараларын іске қосты: 

— халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының барлық санаттары, 

— мекенжайлық әлеуметтік көмек (МӘК) алушылар, 

— жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар.

Осы үш топтың біріне жататын өз клиенттері үшін банк 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген жеке тұлғалардың кредиттері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға дайын! Ол үшін мұндай тұлға банк жолдаған смс-хабарламадағы сілтеме бойынша АТФБанк сайтына кіріп, ондағы арнайы бөлімде төлем мерзімін кейінге қалдыруға қатысты өз келісімін 22 сәуірге дейін растауы қажет. Егер сайтты пайдалану мүмкін болмаса, онда кез келген уақытта мобильдік телефоннан байланыс орталығының 2424 тегін нөміріне қоңырау шалуға болады.

Жеңілдетілген ресімдеу сізге үйден шықпай-ақ, тіпті диваннан тұрмай-ақ, кредиттік төлемдер мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік береді! Бар болғаны үш виртуалды қадам:

  1. АТФБанктен алынған смс-хабарламадағы сілтеме бойынша кіру
  2. Ашылған бөлімде жеке басыңызды растау (ТАӘ, ЖСН және мобильдік телефон нөмірін көрсету қажет)
  3. Төлем мерзімін кейінге қалдыруға өз келісіміңізді растау.

Бұл қалай жұмыс істейді:

АТФБанк төлем мерзімін кейінге қалдыруға өз келісіміңізді білдіру қажеттілігі туралы смс-хабарлама жібереді.

Сіздің келісіміңізді алғаннан кейін банк өз тарапынан сіздің кредиттік шартыңызға бір, уақытша, түзету енгізеді.  Яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлем мен артық төлемнің жалпы мөлшері өзгеріссіз қалады, кредитті өтеу мерзімдері өзгертіледі.

Егер сіз кредитті 12 айға ресімдеген болсаңыз, онда мерзімін кейінге қалдыруды ескерумен сізге оны өтеу үшін 15 ай беріледі! ТЖ кезеңінде айыппұлдар мен өсімпұл есептелмейді!
Орындалғаны туралы растаманы Банк СМС-хабарлама түрінде клиент үшін төлем мерзімін кейінге қалдыру іс жүзінде берілгеннен кейін жолдайды.

3 ай ішінде не өзгеруі мүмкін! Әйтсе де біз қоғамның тез сауығып кететіне сенімдіміз. Бастысы, «сауығу» процесінде қиын жағдайда қалған әлсіз топтарды қорғау қажет! Міне, осы кезде әлем бұрынғы қалпына келеді!

Назар аударыңыз! 

  • Кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру автоматты түрде берілмейді және оны банк клиенттің өз келісімінсіз бере алмайды! 
  • ХӘӘТ санаттарына, МӘК алушыларға және жұмыссыз тұлғаларға қатыстылық жағдайын банк емес, уәкілетті ұйымдар анықтайды. АТФБанктің  осы санатқа жататын клиенттері арнайы смс-хабарлама алады. 
  • Төлем мерзімін кейінге қалдыру есептік күннен (16 наурыз) 3 айға дейінгі кезеңге берілетін болады. Яғни сіз кредит бойынша төлемдерді 2020 жылғы 15 маусымға дейін кейінге қалдыра аласыз. 
  • Егер ай  сайынғы төлемді клиент ТЖ кезеңінде төлеп қойса, төлем қайтарылмайды. Бұл ретте ұзарту мерзімі клиенттің өтініш жасаған күніне байланысты 2 немесе 1 айға дейін қысқартылуы мүмкін.

stan.kz