АТФБанктің депозиттері: ақшаны өз болашағыңыз үшін жұмыс істетіңіз — Қазақстан жаңалықтары

0

Жуырдағы оқиғалар бізге әрбіріміздің күтпеген жерден табыссыз қалып қоюымыз мүмкін екенін көрнекі түрде дәлелдеп берді.

Егер қандай да бір таршылық көргіңіз келмесе, ал банктік шоттағы мол ақша сомасы туралы ой сізді тек бақытты жасап қоймай, ертеңгі күніңізге сенімділік сыйласа, ешқашан артық болмайтын қаржылық қор жасаңыз, ол үшін банк депозитін ашыңыз. Бұл сенімді, қолжетімді әрі айқын құрал, ол сізге басыңызды қатырмай өз капиталыңызды жинақтауға және пассив кірісті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Неліктен тек депозит?

Қолма-қол ақша түрінде қаражатты үйде сақтау қауіпті әрі тиімсіз – матрас астында жатқан ақшаға кірістік пайыз түспейді. Бұған қоса таусылмайтын қайсыбыр тұрмыстық мәселелерді шешу үшін жұмсап қоясыз,  құнын жоғалтатын жағы тағы бар.

Әрине, капиталды бекерге бос ұстамаудың басқа да тәсілдері бар – немере ағаңның бизнесіне немесе қор биржасындағы бағалы қағаздарға  салуға болады, алайда мұның бәрі уақыт пен білімді талап етеді, ықтимал қаржылық шығындар тәуекелі туралы айтпаса да түсінікті.

Ақшаңды қалай сақтап қалсаң болады және қолда бар ақшаның үстінен қалай табыс алуға болады? Ең қарапайым әрі сенімді жолы – АТФБанкте депозит ашыңыз! Мың теңгеден, тіпті мың доллардан бастауға болады, оған қоса АТФБанктің депозиттер бойынша мөлшерлемелері бүкіл нарық бойынша ең жоғарғысы.  

Қалай жинақтап үйренуге болады?

Алдымен ақшаңызды қолға тие салысымен депозитке аударуға тырысыңыз. Бұл сіздің табысыңыздың тұрақты  5-10-20% болсын – ақша сіз үшін бұрынғыдай қол астында болмайды, яғни оны жұмсап қою тәуекелі аз.
Біраз шыдап бақсаңыз, уақыт өте келе мұның қаншалықты тиімді екенін түсінесіз: банк сізге ай сайын сыйақы төлейді, өзіңіздің депозиттегі жинақ ақшаңыздан табысты үнемі көріп отырасыз және осылайша ақшаңыздың сіз үшін қалай жұмыс істеп жатқанын іс жүзінде байқайсыз. Бұл тіпті өз жалақысының бір бөлігін пайдасыз нәрсені сатып алуға жұмсап қоятын адамдарды ай сайынғы табысын ұлғайту үшін өз әдетінен және қажетсіз шығындардан бас тартуға ынталандырудың тамаша жолы.

Депозитті қалай таңдау қажет?

Депозиттер әртүрлі болып келеді және әрқилы өмір жағдайлары үшін ойластырылған. Әдетте, депозитті алғаш ашып жатқандар шарттардың икемді болғанын қалайды, ал тәжірибелі салымшылар үшін бастысы – бұл  тиімді мөлшерлемелер. Олардың қай-қайсысына да барынша тиімділік қажет, ал бұл тұста АТФБанкке ойланбастан сенім артуға болады, біріншіден, барлық депозиттер Қазақстанның кепілдік беру қорымен сақтандырылған, екіншіден, банктің өзі барлық көрсеткіштері бойынша қазақстандық банктердің шамамен үш ондығының алғашқы үздіктері қатарында.

Бұдан басқа АТФБанктің депозиттері бойынша шарттардың түрлі болып келуі жанға жағымды әсер етеді. 

Теңге салымдары бойынша табыстылығы 11%-ға дейінгі  (ЖТСМ) «Ыңғайлы» мерзімсіз депозиті – алғаш ашылып жатқан немесе қаржылық «қауіпсіздік көпшігін» жасау және қажет болған жағдайда  кез келген сәтте толықтыруға және алуға болатын қаражатты сақтауға арналған  өте қолайлы депозит.

Ал  теңге салымдары бойынша 14,8%-ға дейінгі (ЖТСМ) «Арман» және 12,8%-ға дейінгі (ЖТСМ) «Арман плюс» жинақ ақша депозиттері қолда бар ақшалай қорын сақтап қалғысы және оның үстінен табыс алғысы келетін салымшыларға көбірек лайықты. Капитал қаншалықты көп болса, соншалықты пайда келтіреді емес пе?!

Бұл ретте мөлшерлеме депозит таңдаудың маңызды, бірақ жалғыз өлшемі емес екені анық. Назарды неге аудару қажет:

Депозитті ашу қаншалықты жеңіл?

Көптеген қалаларда карантин аяқталып қойды, әйтсе де халық көп жиналатын жерлерге, оның ішінде банк бөлімшелеріне келуден тартынып отырғандар баршылық. Оның үстіне кейбіреулердің банкке келетін уақыты да болмауы мүмкін – өзін-өзі оқшаулау кезінде іс те жиналып қалған. АТФБанктің клиенттеріне бұл қажет те емес, «Ыңғайлы» депозитін ATF24 интернет банкингінде бар болғаны бір-екі түртіп, үйдегі диванда не саябақтағы орындықта отырып онлайн ашуға болады.

«Арман» және «Арман плюс»  депозиттері тек банктің бөлімшелерінде ашылады. Әйтсе де мұны да өте тез әрі ыңғайлы жасау мүмкіндігі бар! АТФБанктің сайтында өтінім қалдырып, кеңес берушінің қоңырау шалғанын күтіңіз, ол сізге банкке келгенге дейін барынша тиімді шарттарды таңдауға көмектеседі және барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Егер қажет болса, банк бөлімшеге жеткеніңізше инкассаторлық қызметін ұсынуға дайын.

Депозитті толықтыру және одан ақшаны алу қаншалықты оңай?

«Ыңғайлы» депозиті мен #1 вертикалды карта немесе АТФБанктің басқа картасы арасында ақшаны ай сайынғы лимиттер шегінде ATF24 мобильді қолданбасы арқылы қандай да бір комиссиясыз немесе уақыт шектеуінсіз оңай аударуға болады. Онлайн-толықтыру және онлайн-алу – бұдан асқан оңай нәрсе бар ма?

Егер қандай да бір себеппен қолданбаны пайдалану мүмкін болмаса, «Ыңғайлы» және «Арман плюс» салымдарын комиссиясыз толықтырудың тағы бірнеше тәсілі бар: QIWI және KASSA24 терминалдары арқылы, банктің бөлімшелерінде, сондай-ақ кез келген өз шотыңыздан, оның ішінде өзге банктегі шотыңыздан қолма-қол ақшасыз аудару арқылы.

Ал  «Арман» депозиті бойынша оны ашатын барлық кезеңде ақша «ұсталмайтын қорға» айналады, есесіне тамаша пайда өндіреді.

Ақша жедел түрде қажет болуы мүмкін бе? Бұл сіздің жалғыз қаржылық қорыңыз ба немесе сізде бірнеше қор бар ма? Бұл сұрақтарға жауаптар депозит бойынша барынша ыңғайлы шарттарды таңдауға көмектеседі. Мысалы, «Ыңғайлы» депозиті бойынша бар болғаны 1 мың теңгеге немесе 10 долларға/еуроға дейінгі төмендетілмейтін қалдықты алу көзделген, ал жинақ ақша депозиттері бойынша мұндай опция жоқ, есесіне, өзіңіз көріп отырғандай, олар бойынша кіріс деңгейі барынша жоғары.

Бұл тұста өзіңіздің тәртіптілігіңізді де ескеру қажет. Өз жинақ ақшаңыздың бір бөлігін ойланбастан және албырттықпен, мысалы, пәтерге немесе оқуға жұмсағыңыз келетін ниет сізде жиі туындай ма? Болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін жинақ ақша депозитін таңдаған дұрыс. Барлық депозиттің артықшылық жақтары бар, әйтсе де АТФБанктің қандай депозитін таңдасаңыз да, оның мақсаты сіздің жинаған ақшаңыздан кіріс келтіру және оны сақтау болып табылады.
Ал енді сіз ақшаңызды болашақ үшін бұрынғыдан да жақсы жұмыс істету үшін депозит ашуға дайынсыз ба? Бұл мәселені ертеңге қалдырмай, маңызды шешімді бүгін қабылдаңыз.

 

 

stan.kz