АТФБанктен МӘСҚ тағайындаған 42500 теңгені қалай алуға болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Төтенше жағдайлардың енгізілуіне байланысты тұрақты табыстарынан айырылған қазақстандықтар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 42500 теңге мөлшерінде өтемақы алуына құқықтары бар.

Әлеуметтік көмекті тек жұмысынан айырылан азаматтар ғана емес, сонымен қатар ақысыз демалысқа жебірелгендер және өзін-өзі жұмыспен қамтитындар да ала алады. Осы жәрдемақыны төлеу тәртібі туралы (кімге? қашан? қандай жиілікпен?) нақты ережелерді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі анықтайтын болады. 

АТФБанктен әлеуметтік төлемді алу үшін нені білу керек? Жиі қойылатын сұрақтарға жауап:

1. ТЖ кезеңінде табысты жоғалтумен байланысты әлеуметтік төлемді АТФБанк арқылы қалай алуға болады?

Жәрдемақыны алуға өтініш беру үшін egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайттары арқылы өтінім беру қажет, ол жерде ТАӘ, ЖСН және АТФБанктегі кез келген теңгемен ашылған шоттың 20 мәнді нөмірін (IBAN) көрсету қажет. 

Ол сіздің қолданып жүрген картаңыздың шоты болуы мүмкін немесе АТФБанктен әлеуметтік төлемдерді алу үшін артықшылықтарға ие арнайы шот ашуыңызға болады. 

2. Шотыңыздың нөмірін/IBAN қалай білуге болады?

Егер сізде АТФБанктің шоты немесе картасы болса, ең оңай жолы өзіңнің 20 мәнді шот нөміріңді (IBAN) ATF24 арқылы көруге болады:

— карта үшін – «Карта туралы» бөлімінде, одан әрі «Ақпараттар мен деректемелер»
— шот үшін – «Өнімдер» бөлімінде, одан әрі «Шоттар» және «Деректемелер».

Шот нөмірі туралы ақпаратты АТФБанк бөлімшелерінен де білуге болады. 

3. Арнайы ағымдағы шот дегеніміз не?

Арнайы ағымдағы шот банкте мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алу үшін ашылады. Ол тек осы мақсаттарға арналады. 
Әлеуметтік төлемдерді алу үшін осы шотты пайдалануды сұраймыз, өйткені оған түскен төлем үшінші тұлғалардың, мысалы банктердің, салық қызметтерінің, жеке сот орындаушыларының және т.б. өндіріп алуынан қорғалады, сонымен қатар осы шоттардан банк ешқандай комиссия ұстамайды. 

4. АТФБанкте арнайы шотты қалай ашуға болады?

Арнайы шотты АТФБанктің кез келген бөлімшесінен ашуға болады. Ол үшін жеке куәлік түпнұсқасы керек. Сондай-ақ, төлемді алу үшін карточкалық шотты да пайдалануға болады, ал онлайн және тегін үйге жеткізу қызметі бар АТФБанктің #1 вертикалды картасына тапсырыс беру оңай. 

Өтінімді бөлімшеге бармай-ақ, ATF24 интернет-банкингі немесе банк сайты арқылы ресімдеуге болады. Төлемдер және аударымдар бойынша комиссияның ұсталмауы, арнайы сәуір айындағы акция бойынша 20% дейін шынайы ақшамен берілетін кешбэк, сонымен қатар картаның басқа да артықшылықтары ТЖ біткеннен кейін де сіздің қажетіңізге жарайтыны анық. 

5. Түскен жәрдемақыны қашан және қалай алуға болады?

Кез келген шотқа түскен түсімді ATF24 арқылы оңай тексеруге болады. Егер сізде карталар және/немесе шоттар бойынша смс-хабарландыру қызметі қосылған болса, картаға немесе шотқа ақша аударылғанда сізге хабарлама келетін болады. 
ATF24 қолданбасы көмегімен бір-екі басып қалу арқылы ақшаны арнайы шоттан  вертикалды шотқа аударып алуға болады. #1 картасынан 300 мың тг. дейін қолма-қол ақша алғанда комиссия ұсталмайды. Сонымен қатар, банк бөлімшелеріне барып та шоттағы ақшаны алуға болады. 

6. Әлеуметтік төлем кредит шотына немесе басқа да міндеттемелер үшін ұсталуы мүмкін бе?

Әлеуметтік төлем салық, кредит немесе басқа да міндеттемелер шотына ұсталмайды, өйткені арнайы мемлекеттік мақсатқа ие. Арнайы шотқа түскен төлем сомасы кез келген шегеруден «қорғалады». 

Егер арнайы шот пайдаланылмаған болса және берешектің болуына байланысты ол бұғатталған болса, осы шектеулерді (түскен төлем сомасы мөлшерінде) алып тастау үшін [email protected]. поштасына хат жіберіңіз.

Біз сізге көмектесетін боламыз!

Сұрақтар бар болса хабарласыңыздар, АТФБанк командасы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде, мессенджерлерде, сонымен қатар байланыс орталығының 2424 нөмірі бойынша әрқашан байланыста болады.

stan.kz