АТФ Банктің ШОБ-қа «вирусқа қарсы» қолдау көрсетуі: маған досыңның кім екенін айт — Қазақстан жаңалықтары

0

Тұрақты банктік жүйе – елдің қаржылық қауіпсіздігінің кепілі. Қаржылық институттар тұрақтылық кепілдігі болуы керек. Бірақ, әлем өзгеруде, онымен бірге банк те өзгереді. 

Бұрын банк суық, тәкаппар және корпоративті болған, одан кейін банктер лезде, «осында және қазір» кредиторлары, сосын клиенттерімен бірге армандайтын инвесторларға айналды, жаңаның негізін қалайтын, белгісіз дүниені енгізуші болды. 
Бізге мүлдем беймәлім дағдарыс келді, банктер тағы өзгеретін кез келді. Енді банктер өз клиенттері үшін жақын досқа айналды.

Тоқсандық есептің болмауы

Жаңа дағдарыс соққысы бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілеріне әсер етті. Белсенді, бастамашыл, батыл болған кәсіпкерлер бұл қасиеттерінен ТЖ мен карантин жағдайында жасалып отырған мәжбүрлі шаралар салдарынан елдің қауіпсіздігі үшін уақытша бас тартуға тура келуде. Өзінің кәсіпкер достарына қолдау көрсету үшін АТФБанк негізгі борыш және сыйақы бойынша төлем мерзімін 90 күнге дейін ұзарту бойынша бағдарлама дайындады.

Матрица. Қайта жүктеу

Егер сіз шағын бизнес субъектісі немесе ШОБ өкілі болcаңыз және ТЖ сіздің бизнесіңізге зиянын тигізсе АТФБанк өз клиенттері үшін қолданыстағы кредиттер бойынша төлем мерзімін 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңде үш айға дейінгі мерзімге ұзарту мәселесін қарауға дайын екендігі туралы хабарлайды. Сонымен қатар, Банк 16 наурыздан кейін есептелге барлық айыппұлдар мен өсімақыларды алып тастайды. 

Карантиннің «жол картасы» 

Барлық қозғалс енді — online! Карантин шарттарын ескере отырып, біз дос клиенттеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығын және жеке мәліметтерін қорғау үшін барлық қажетті әрекеттерді online-ға ауыстырдық. Өтініш бергенде сіз АТФБанктің кез келген ыңғайлы онлайн-арнасын таңдай аласыз. Таңдау бар:  ATFBusiness және ATFOnline сервистері немесе банктің ресми сайтындағы арнайы «Қолдау қызметі» бөлімі. 

Төлем мерзімін ұзарту үшін банкке өтініш бергіңіз келсе, өзіңізге ыңғайлы онлайн-платформаны таңдаңыз және алға!

Бірінші қадам – ЖК және ЖШС үшін: егер ТЖ кезеңінде бизнесіңіз қиындықтарға тап болса және объективті себептерге байланысты күрделі қаржылық жағдайға душар болсаңыз Банктің үлгісі бойынша кредитіңіздің төлем мерзімін ұзартуға өтінім беріңіз.

Екінші қадам  – ЖК және ЖШС үшін: ТЖ бизнесіңізге жағымсыз әсер еткенін растайтын құжаттарды дайындаңыз. Ол бизнесіңіздің уақытша тоқтап қалуы немесе тоқтауы туралы құжат немесе ТЖ байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын басқа да құжат болуы мүмкін, оны банк сканирленген үлгіде қабылдайды.

Үшінші қадам – ЖШС үшін: сіздің бизнесіңіздің құрылташылары мен акционерлері кредит бойынша төлем мерзімін ұзарту туралы сұратуға келісетіндігі туралы жалғыз құрылтайшының шешімін немесе құрылтайшылардың жалпы отырысының хаттамасын өткізіңіз.

Өтінімді толтыру бойынша толығырақ ақпарат АТФБанктің барлық онлайн-ресурстарында қолжетімді. Банк әрбір өтнімді қарайды. Біз бірге орын алған жағдайдан аз ғана шығынмен және зор сеніммен шығудың жолын табатын боламыз!
Әлем қаншалықты өзгергенмен, банктер тұрақтылық кепілдігі болып қалуы керек, біз ол үшін бәрін жасаймыз!

Маңызды: Біз АТФБанктің ресми сайттары мен сервистерінің мекенжайларын естеріңізге саламыз және КТТО (Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы) хабарламасы бойынша фишингті шабуыл жасау саны артуына байланысты барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз, мекенжай толтырғанда (бір символдан қате кетудің өзі қауіпті), сонымен қатар басқа ресурстарға өткенде абай болыңыздар! 

Кредит төлеу мерзімін ұзартуға өтінім беруге арналған АТФБанктің ресми сайты 
ATFBusiness
– жеке кәсіпкерлерге арналған интернет банкинг,
ATFOnline – заңды тұлғаларға арналған интернет банкинг.

stan.kz