Атауы біртүрлі «Красный көйлек, черный өрнек» әні жарық көрді
Аталған бейнебаянды әлеуметтік желіден тамашалағандар біраз сынға алып, наразылықтарын білдірді.
Күні кеше ғана «Ұйқым келмейді» әнін эфирге өткізгені үшін жұрттың сынына қалған музыкалық «Той-думан» телеарнасы тағы бір шала қазақша әннің клипын жарқ еткізді.
Бұл жолы көрерменге қайырмасы: «Красный көйлек, черный өрнек. Билейді гүлдер, ымменен сөйле. Көйлегім сәнді, өмірім мәнді. Күндей боп ярко, Көздерім жанды» деп келетін әлдебір әншінің орындауындағы әнді ұсынған.
Аталған бейнебаянды әлеуметтік желіден тамашалағандар біраз сынға алып, наразылықтарын білдірді.