атаулы күндер, туған күндер, тарихи оқиғалар

0
111

Бұл – Григориан күнтізбесінде 168-ші күн, жыл соңына дейін 197 күн бар

17 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

17 маусымда қандай атаулы оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні. Мереке 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап аталып өтеді;

Сондай-ақ, 17 маусымда Исландияда тәуелсіздік күні аталып өтеді. Ел аумағы әкімшілік жағынан 8 аймаққа, 23 ауданға бөлінеді. Астанасы – Рейкьявик. Ресми тілі – исланд тілі. Исландия – парламенттік республика. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ол 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады. Заң шығару билігін президент пен бір палаталы парламент «Альтинг» жүргізеді;

Исландия 930 жылдан 1262 жылға дейін тәуелсіз мемлекет болды. Алайда 1262 жылдан Норвегия колониясы, 1380 жылы Данияның иелегіне өтті. Мемлекет қайраткері Йоун Сигурдссон Данияға қарсы Исландияның ұлт-азаттық қозғалысын бастап, сауда монополиясын тоқтатуды талап етті. Исландия 1944 жылы 17 маусымда тәуелсіздігін алды.

17 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1970 жылы америкалық ғалым Эдвин Лэнд Polaroid камерасын патенттеді;

1985 жылы Discovery каналының кабельді желісі пайда болды;

1989 жылы Берлинде «Ил-62» ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 22 адам қаза тапты;

1990 жылы Киевте «Чернобыль» одағы құрылды.

17 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы «Ана тілі» баспасы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағлымы» атты кітабын басып шығарды;

1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институты құрылды;

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының алдында ұлы композитор, Қазақстан әнұранының авторы, халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды;

2011 жылы Ресейдің Астрахань облысында Бөкейхан мавзолейінің құрылысы басталды;

2015 жылы Атырау облысы Индер ауданының Теректі жерінде ортағасырлық жауынгердің қорымы табылды;

2016 жылы Ақтөбеде қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың құрметіне көше аталды.

17 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1929 жылы армян шахматшысы, халықаралық гроссмейстер, шахматтан әлем чемпионы Тигран Петросян дүниеге келді;

1903 жылы кеңес және орыс ақыны, драматург, журналист, сценарист, әскери тілші Михаил Светлов дүниеге келді;

1939 жылы польшалық кинорежиссер, TOR киностудиясының көркемдік жетекшісі және директоры Кшиштоф Занусси дүниеге келді;

1953 жылы украиналық әнші, композитор, Украинаның халық әртісі Иван Бобул дүниеге келді;

1962 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Александра Захарова дүниеге келді.

17 маусымда Қазақстанда кім туды

1945 жылы Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Өскенбай Мәдиев дүниеге келді;

1949 жылы спортшы, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері, 800, 1500, 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бекен Күреңкеев дүниеге келді;

1957 жылы Қазақстан парламенті сенатының депутаты, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін ұсақ-түйек жұмыстарға баса мән беріңіз. Үлкен істер шағын қадамдардан басталатынын естен шығармағаныңыз абзал. Сонымен қатар бүгін – сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін қолайлы күн. Мүмкіндікті құр жіберіп алмаңыз.



sputniknews.kz