атаулы күндер, тарихи оқиғалар, туған күндер

0

Бұл — Григориан күнтізбесінде 166-шы күн, жыл соңына дейін 199 күн бар

15 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

15 маусымда қандай қызықты оқиға болды

2007 жылы Еуропа жел энергиясы қауымдастығы Бүкіләлемдік жел күнін бекітуді ұсынды. Содан бері жыл сайын бұл мейрам 15 маусымда аталып өтеді. Global Wind Day бүкіләлемдік деген мәртебені тек 2009 жылы алды.

Бұл күннің мақсаты — экология туралы ойланып, жел секілді табиғаттың өзі берген ресурстарды пайдалануға қоғамның назарын аудару.

Сондай-ақ бүгін — әлемдік қауымдастық қарт адамдарға жасалған қиянат туралы ақпаратты тарату күні. Бұл мереке БҰҰ-ның 2011 жылдың 19 желтоқсанындағы Резолюциясына сәйкес бекітілді.

15 маусым – Халықаралық серуен күні. Бұл мейрамды әлем халқы адамдарды біріктіретін ерекше күн ретінде атап өтеді.

15 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1844 жылы Чарльз Гудьир резеңкені қыздырып өңдеу әдісін патенттеді;

1851 жылы Джекоб Фуссель Балтиморда әлемдегі алғашқы балмұздақ өндіретін фабриканың негізін қалады;

1896 жылы Жапонияда алапат су асты жер сілкінісі болды, жойқын цунами салдарынан 22 мыңнан астам адам қаза тайып, 10 мыңға жуық ғимарат қираған;

1954-й – УЕФА (Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы) құрылды.

15 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Үндістанда Қазақстан елшілігі ашылды;

1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты;

2000 жылы жазушы Сәбит Мұқановтың туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит ауылында жаңа мектеп ашылды;

2011 жылы елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Х мерейтойлық саммиті өтті;

2012 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымы орталығы ашылды;

2015 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университетін» бітірген алғашқы студенттерге диплом табыстау рәсіміне қатысты.

15 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1867 жылы ақын, аудармашы, орыс поэзиясының «күміс» ғасырының көрнекті өкілі Константин Бальмонт  дүниеге келді;

1943 жылы француз рок-әншісі, композитор және актер Джонни Холлидей дүниеге келді;

1959 жылы ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші Андрей Леонов дүниеге келді;

1964 жылы америкалық актриса Кортни Кокс дүниеге келді.

15 маусымда Қазақстанда кім туды

1933 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхтар Бақтыгереев дүниеге келді;

1938 жылы балуан, еркін күрестен спорт шебері Әбілсейіт Айқанов дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министр, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, екі мәрте премьер-министр, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Бүгін таңғажайып күн болады. Мазаңызды алып жүрген көптеген мәселенің өзінен-өзі шешілгеніне куә боласыз. Жақын адамдарыңыз сізді таңғалдырса, әріптестеріңіз жақсы жаңалықтармен қуантады.



sputniknews.kz