атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл григориан күнтізбесінде 165-ші күн. Жыл соңына дейін 200 күн бар.
14 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
14 маусымда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мерекені атап өту бастамасын бір мезетте бірнеше ұйым көтерген болатын. Атап айтқанда, Халықаралық қан құю қоғамы, Қызыл крест халықаралық федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Бүкіләлемдік мерекенің датасы ретінде 14 маусымның таңдалуы кездейсоқтық емес, дәл осы күні әйгілі ғалым, австриялық дәрігер-иммунолог, адам қанының тобын алғаш ашқан Карл Ландштейнер дүниеге келген еді. 1930 жылы медицинадағы жетістігі үшін Нобель сыйлығын иеленді.
Сондай-ақ, бүгін АҚШ тұрғындары Америка байрағы күнін атап өтеді. Жеті қызыл және алты ақ жолақты тудың бір жақ шетінде 50 бесбұрышты жұлдыз бар. Байрақтағы 13 жолақ тәуелсіз мемлекетті құрған 13 британиялық колонияны (Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджия, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Виргиния, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Род-Айленд) білдіреді. Ал жұлдыздар саны штат санына сәйкес келеді. Қызыл түс төзімділік пен батырлықты, қара көк түс – зейінділік, әділеттілік және сақтықты, ал ақ түс пәктік пен тазалықты білдіреді.
Бүгін, сонымен қатар, интернет қоғамдастығы Халықаралық блогер күнін мерекелеуде. Бұл күнді атап өту идеясы 2004 жылы пайда болған. Әлемнің 40-тан астам елінен 500 адам бір мезгілде бірігіп, төл мерекені бекіту керек деген шешімге келеді. Блогер – интернет-күнделігін жүргізіп, өміріндегі оқиғалармен, суреттермен үнемі бөлісіп, қоғамдағы мәселелерге қатысты ой-пікірін білдіріп тұратын адам. Бұл мереке әлемнің түпкір-түкпірінде әртүрлі тілде блог жүргізетін жандарды жақындастыра түседі.
14 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
1834 жылы Исаак Фишер егеуқұм қағазын патенттеді;
1847 жылы неміс химигі Роберт Бунзен өзінің атымен аталған оттықты ойлап тапты;
1900 жылы Гавай аралдары АҚШ аумағы болып жарияланды;
1942 жылы АҚШ-та Уоль Диснейдің «Бэмби» мультфильмі экранға жол тартты.
14 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1995 жылы Алматыдағы Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қор ашылды;
2000 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің іргетасы қаланды;
2012 жылы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» электронды базасы іске қосылды;
2013 жылы Ташкент орталығында Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылды.
14 маусымда әлемде туған танымал тұлғалар
1928 жылы латынамерикалық революционер, 1959 жылғы Куба революциясының командантесі және кубалық мемлекеттік қайраткер Че Гевара өмірге келді;
1946 жылы АҚШ-тың 45-ші президенті, бизнесмен, телевидение мен радиодағы танымал тұлға Дональд Трамп туды;
1969 жылы кеңестік, ресейлік және израильдік театр және кино әртісі Федор Дунаевский дүниеге келді. «Курьер» фильмі (1986) арқасында кеңінен танылды;
1990 жылы украиналық тележүргізуші, әнші, актриса, композитор, дизайнер Регина Тодоренко өмірге келді.
14 маусымда Қазақстанда кім туды
1911 жылы жазушы, аудармашы Леонид Макеев өмірге келді;
1976 жылы белгілі театр актері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Нұркен Өтеуілов дүниеге келді;
1982 жылы Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов туды.
Ай күнтізбесі
Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін өзіңіз үшін жаңа дүниені меңгеріп, бірсарынмен өтетін күнделікті өміріңізді өзгертуге таптырмас күн. Заман көшіне ілесіп, өзгелерден бір қадам алда жүруге тырысыңыз.
sputniknews.kz