атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
79

Григориан күнтізбесінде 153-ші күн, жыл соңына дейін 212 күн бар

2 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

2 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Дұрыс тамақтану және артық астан бас тарту күні. Бұл мейрам 2011 жылы 2 маусымда пайда болды. Оны ресейліктер америкалық мереке – диетаны ұмытып, бәрін жеуді насихаттайтын ұлттық күнге қарсы жауап ретінде ойлап тапқан. Ол уақытылы және қажетті идея деп танылып, халықтың қолдауына ие болды. Мейрамның мақсаты – адамдарға дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы ақпарат беру, қандай тамақ пен әдеттердің денсаулыққа зиян екенін жеткізу.

Әзербайжанда жыл сайын 2 маусымда азаматтық авиация қызметкерлерінің кәсіби мейрамы аталып өтеді. Мереке 2006 жылы республика президентінің 18 мамырдағы жарлығымен бекітілді. 1938 жылы осы күні Әзербайжанда алғашқы авиациялық топ құрылған екен. Бүгінде елдің азаматтық авиация ұшақтары әлемнің 32 қаласына қатынайды. «Airbus-319», «Airbus-320», «Airbus-340-500» және «Boeing-757», «Boeing-767» ұшақтары адам мен жүктер тасымалдайды.

2 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1891 жылы ирландиялық Уильям Маккрамның (William McCrum) ұсынысы бойынша футболда пенальти енгізілді;

1924 жылы АҚШ-та барлық үндістер амеикалық азаматтық алды;

1946 жылы Италия референдум қорытындысы бойынша республика болып жарияланды. Әйелдерге дауыс беру құқығы берілді;

1953 жылы Ұлыбритания патшайымы  II Елизаветаға тәж кигізу рәсімі өтті, оқиға алғаш рет теледидардан тікелей эфирде көрсетілді.

2 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1930 жылы Қазақстан кәсіподақтарының I съезі болды;

1955 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу сынақ полигоны, қазіргі «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргетасы қаланды;

1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы» қаулысы қабылданды;

1998 жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы ашылды;

1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның жаңа астанасының тұсаукесері құрметіне орай «Астана» медалі бекітілді;

1999 жылы Астанадағы көшелердің біріне алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді;

2013 жылы Семей археологтары санскриттегі жазбаны тауып, оның мағынасын ашты.

2 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1743 жылы италиялық граф, астролог, авантюрист Алессандро Калиостро дүниеге келді;

1932 жылы болгар, кеңес және ресейлік әнші, Болгария және Ресейдің Халық әртісі, Филипп Киркоровтың әкесі Бедрос Киркоров дүниеге келді;

1972 жылы америкалық актер,  «Побег из тюрьмы» сериалының жұлдызы Уэнтуорт Эрл Миллер дүниеге келді;

1985 жылы америкалық актриса және видеоблогер Стиви Райан туды, ол Ким Кардашьян, Эми Уайнхаус, Джастин Бибер секілді жұлдыздарға пародия жасап танылды.

2 маусымда Қазақстанда кім туды

1934 жылы түркітанушы, көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеуші ғалым Алтай Аманжолов дүниеге келді;

1965 жылы қазақстандық танымал кәсіпкер, Қазақстан меценаттары клубының құрылтайшысы және мүшесі Нұрлан Смағұлов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Некеге тұру, өз ісіңді ашу үшін қолайлы күн. Өзіңізге ұнайтын жұмыспен ғана айналысуға тырысыңыз. Сұлулық салонына, шаштаразға барып, өзіңізге көңіл бөлген артық етпейді.



sputniknews.kz