атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Григориан күнтізбесінде 114-ші күн, жыл соңына дейін 251 күн бар

24 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

24 сәуірде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні аталып өтеді. Алғаш рет мейрам 1957 жылы тойланған. Бұрын мереке кеңінен аталып, бұл күні жастар съездері, концерттер және басқа іс-шаралар ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың құқықтары үшін күресте күш біріктіріп, өз мәселелерін шешу үшін жас буынның басын қосу. Мереке бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және бүкіл қоғамның назарын жастардың мәселелеріне аударуды көздейді.

Сонымен қатар бүгін — Бүкіләлемдік зертханалық жануарларды қорғау күні. Мерекені 1979 жылы ИнтерНИЧ – жануарларға эксперимент жүргізуге қарсы күрес халықаралық қауымдастығы бекітті. Кейін бұл бастаманы БҰҰ қолдады. Жануарларға зертханалық тәжірибе жүргізуге қарсы қозғалыс бүгінде әлемнің түкпір-түпірінде белсенді түрде дамып жатыр.

Қазіргі уақытта зертханалық жануарлар дәрі-дәрмек, тамақ қоспасы, тұрмыстық химия мен косметикалық заттар, темекіні сынақтан өткізген кезде және ағзада аурудың қалай жүретінін бақылау үшін пайдаланылады. Мұндай зерттеулердің негізгі тапсырыс берушілері – ірі косметикалық және фармацевтикалық корпорациялар. Көбінесе маймылдар, иттер, тышқандар мен қояндарға тәжірибе жасалады. Жүздеген, тіпті мыңдаған жануар жылына зертханаларда өліп жатыр.

24 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1800 жылы АҚШ конгресі кітапханасының негізі қаланды;

1833 жылы АҚШ-та газдалған су патенттелді;

1949 жылы Киевте Тарас Шевченко атындағы музей ашылды;  

1964 жылы Копенгагенде Данияның басты ескерткіштерінің бірі  — Су перісінің басы жұлынып тасталды.

24 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының Президенті туралы» жарлығы қабылданып, Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды;

1995 жылы жазушы Қасым Қайсеновке, ардагерлер Алексей Кулаков пен Мурдин Тайповке «Халық қаһарманы» атағы берілді;

1996 жылы Түркияда Абай күндерінің аясында Абайдың шығармашылығына арналған мерекелік шаралар өтті;

2010 жылы Тараздағы Жеңіс саябағына Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді;

2013 жылы Қытайда қазақстандық студенттер қауымдастығы құрылды;

2014 жылы елордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана EXPO-2017» көрме кешенінің құрылыс орнында капсула орнату рәсімі өтті.

24 сәуірде әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1942 жылы америкалық әнші, актриса, композитор, «Оскар» жүлдесінің екі мәрте иегері («Смешная девчонка», «Встреча двух сердец» фильмдері) Барбара Стрейзанд дүниеге келді;

1952 жылы французский модельері, Jean Paul Gaultier S.A сән үйі мен компаниясының президенті Жан-Поль Готье дүниеге келді;

1962 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, драматург, сценарист, режиссер, продюсер, ақын Елена Скороходова дүниеге келді;

1988 жылы ресейлік эстрада әншісі Юлианна Караулова дүниеге келді.

24 сәуірде Қазақстанда кім туды

1883 жылы Алаш қозғалысының қайраткері, биология, зоология, медицина салалары бойынша студент-шәкірттерге арнап алғаш оқулық жазған әмбебап ғалым, дәрігер, фольклоршы, педагог, тілші, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедұлы дүниеге келді;

1925 жылы кен ісі саласындағы қазақ ғалымы, техника ғылымының докторы, жер қойнауын ашық қазу саласының маманы Әсия Мұстафина дүниеге келді;

1936 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Платиналы Тарлан сыйлығының иегері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов дүниеге келді;

1965 жылы жылы драматург, өнертанушы, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Егер бүгін күніңіз сәтсіз болып, ойлағаныңыз іске аспай жатса, өміріңізде әлденені өзгерту керек деген сөз. Сын айтып жатқандардың сөзін мұқият тыңдаңыз, олар өз жетістіктеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға көмектеседі.



sputniknews.kz