атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 112-ші күн. Жыл соңына дейін 253 күн бар.

22 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

                  22 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін  халықаралық Жер күні. Бұл мереке 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ бас ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді. 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді. Бұл күн Жер мен оның экожүйесі адамзат өмірі үшін аса маңызды екенін мойындау мерекесі болып саналады. Сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.

Бұл күні АҚШ сағыз мармелад күнін тойлайды. Кезінде сағыз мармеладты діни мереке пасхада ғана әзірлеген. Ал қазір діннен бөлек, АҚШ-та жеке мереке күні белгіленген. Мармелад Рональд Рейганның сүйікті тәттісі болған. Ол темекіден бас тартқан кезде мармелад жеген екен. Сондай-ақ АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінде де әскерлерді қолдау мақсатында осы тәтті түрі майдан даласына үнемі тасымалданып тұрған.

Бразилияда 22 сәуір Ашық есік күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке 1500 жылы Бразилияны ашқан Педро Алвареш Кабралдың құрметіне белгіленген.

                 22 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1838 жылы алғашқы бу кеме Атлант мұхитын кесіп өтті. Аылшынның «Сириус» жолаушылар тасымалдайтын доңғалақты бу кемесі Нью-Йоркке келіп тоқтады;

1943 жылы Альберт Хофманн диэтлиманид лизергинді қышқылының галлюцинация тудыратыны туралы алғаш рет жариялады;

1969 жылы Хьюстонда алғаш рет адамға көз салу отасы жасалды;

2010 жылы Мексика шығанағында теңіздің АҚШ жағалауында өртке байланысты мұнай платформасының көзі жойылды.

               22 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1971 жылы Қазақстанның астанасы Алматыға бірінші рет Ту-154 әуе лайнері келіп қонды;

1997 жылы ҚР ҚК Әскери полициясы құрылды;

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы елшілігі ашылды;

1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында ҚР президентінің жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды;

2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды;

2012 жылы Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобының 11-отырысы өтті;

2013 жылы атыраулық оқушы ғарыш зымыранына арналған жанармайдың жаңа түрін патенттеді.

              22 сәуірде әлемде дүниеге келген тұлғалар

1870 жылы орыс революционері, Кеңес заманының саяси және мемлекеттік қайраткері, 1917 жылғы Қазан төңкерісін жасаушы, көшбасшы, КСРО-ның негізін қалаушы Владимир Ленин дүниеге келді;

1937 жылы аты аңызға айналған америкалық актер, «Оскар» сыйлығының 12 мәрте иегері Джек Николсон дүниеге келді;

1966 жылы кеңестік және ресейлік актер Юрий Торсуев дүниеге келді;

1974 жылы Украинаның спорт шебері, «Әлемдегі ең мықты адам» атағының иегері Василий Вирастюк дүниеге келді.

             22 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1900 жылы қазақтың атақты жазушысы, ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі және сыншысы Сәбит Мұқанов дүниеге келді;

1928 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин дүниеге келді;
1949 жылы әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жақсыкелді Сейілов дүниеге келді;

1951 жылы ақын, аудармашы, «Жігер» республикалық шығармашылық фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына орай өткен жыр мүшәйрасының жүлдегері Қатира Жәленова дүниеге келді;

1973 жылы боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының және ТМД-ның чемпионы Болат Жұмаділов дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бұл күні адам тек өз басын ойлауды, кеудемсоқтықты бір сәтке жыраққа қалдырып, өзгелердің кеңесіне құлақ түруі керек. Мойныңыздағы жүктің бір парасынан арылыңыз, жауапкершіліктің бір бөлігін біреуге сеніп тапсырыңыз. Жаныңыздағыларға сенуге үйреніңіз.



sputniknews.kz