атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

13 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

13 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды

1954 жылдың 13 сәуірінде АҚШ әншісі Билли Хейли Rock Around the Clock әнін жазды. Сондықтан бұл күн рок-н-роллдың туған күні болып саналады.

Бүгін – Ресейде меценат және қайырымдылық көрсетушілер күні. Мерекенің тарихы – танымал римдік аристократ, суретші, әртіс және музыканттарды жебеуші Гай Цильний Меценаттың (Gaius Cilnius Maecenas, б.з.д. 70 жылдың 13 сәуірі – б.з.д. 8 жыл) туған күнімен байланысты.

13 сәуір – жаппай диктант жазу күні. Бұл күні оқу акциясы ұйымдастырылады. 2004 жылдан бастап, әлемнің көптеген елінде адамдар орыс тілінде диктант жазады. Мақсаты — азаматтың орыс тілін қаншалықты деңгейде меңгергенін білу әрі өзіңнің орыс тіліндегі сауаттылығыңды тексеру.

13 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1814 жылы Германияның Гиссен университетінде 13 жастағы Карл Витте философия докторы ғылыми атағын алды. Ол әлі күнге дейін доктор атағын алған ең жас ғалым болып саналады;

1960 жылы Франция Сахара шөлінде ядролық бомба сынағын өткізіп, әлемнің төртінші ядролық державасы атанды;

1962 жылы Ұлыбританияның ең танымал музыкалық The Beatles тобы Star Club клубында алғаш рет өнер көрсетті;

1967 жылы Ұлыбританияның ең танымал The Rolling Stones тобы Польшаның астанасы Варшавада өнер көрсетті.

13 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1944 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қарасты Қазақ КСР сыртқы істер халық комиссариаты құрылды;

1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшан тауық фабрикасы бірінші өнімін берді;

1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы жоғарғы экономикалық кеңес құрылды;

2005 жылы Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда Жапония елшілігі ресми түрде өз жұмысын бастады;

2009 жылы Семейдегі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «Шәкәрімтану» және «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері мен жаңа тарихи құжаттама орталығының қызметкерлері Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) жаңа фотосуретін тауып алды. Онда қазақ ақынының Шыңғыс тауының баурайында түскен суреті бейнеленген.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылында күн электр энергиясының құрылысы басталды;

2016 жылы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия теміржол ведомстволары халықаралық транскаспий көліктік консорциумын құру туралы уағдаласты;

2016 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Ердоған исламдық бітімгерлікке келу бойынша бірлескен декларацияға қол қойды;

2016 жылы Қарағандыда №38 мектеп оқушысы Дарья Андрейченко миллиардер, танымал АҚШ кәсіпкері Билл Гейтс грантын алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі Дьюка университетінде оқуға мүмкіндік алды.

13 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1743 жылы «Тәуелсіздік декларациясының» авторы, АҚШ-тың үшінші президенті, мемлекет қайраткері Томас Джефферсон дүниеге келді;

1875 жылы КСРО ғылым академиясының академигі, топырақтану және география саласына еңбегі сіңген кеңес ғалымы Леонид Прасолов дүниеге келді;

1883 жылы орыс жазушысы, ақын Демьян Бедный дүниеге келді;

1883 жылы кеңес және ресейлік композитор, хор дирижері, педагог, КСРО-ның халық әртісі Александр Александров дүниеге келді. Ол – КСРО гимні (қазіргі Ресей Федерациясының гимні) әуенінің авторы;

1934 жылы кеңестік және ресейлік цирк әртісі, жазушы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Наталья Дурова дүниеге келді;

1948 жылы ресейлік әнші, пианист, композитор, шансон орындаушысы, музыкалық продюсер Михаил Шуфутинский өмірге келді. Ол – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі;

1955 жылы ресейлік жазушы, теле және радиожүргізуші, мемлекет қайраткері Ирина Хакамада дүниеге келді;

1963 жылы кеңестік және ресейлік шахматшы, әлем чемпионы, саясаткер Гарри Каспаров дүниеге келді;

1973 жылы ресейлік рок музыкантшы, әртіс, тележүргізуші, суретші және композитор, «Ленинград» және » Рубль» топтарының көшбасшысы Сергей Шнуров дүниеге келді.

13 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді

1926 жылы танымал қазақстандық журналист, Ұлы отан соғысының ардагері Моисей Гольдберг өмірге келді;

1959 жылы Қазақстан сумо күресі қауымдастығының президенті, Азия сумо федерациясының вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бағлан Ыдырысов дүниеге келді;

1961 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев өмірге келді;

1981 жылы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Житкеев өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бүгін еңбегіңіздің жемісін көретін күн. Сондықтан ештеңеге уайымдамаңыз. Тіпті өзіңіз қалаған затты сатып алыңыз немесе мейрамханаға барып демалыңыз.



sputniknews.kz