атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесінде 96-шы күн. Жыл соңына дейін 269 күн бар.

6 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         6 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Бүкіләлемдік үстел теннисі күні аталып өтеді. Жыл сайынғы халықаралық мереке әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің біріне арналған. Мереке 2015 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясының бастамасымен бекітілді. Пинг-понг атауымен де танымал үстел теннисі жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған, ал халықаралық федерация 1926 жылы құрылды. Оның міндеті – үстел теннисінің ережелері мен нормаларын бақылау, спортты технологиялық жағынан жетілдіруге септігін тигізу, сонымен қатар, халықаралық сайыстарды ұйымдастыру.

Сондай-ақ, бүгін –  Бейбітшілік пен даму үшін халықаралық спорт күні. Бұл мереке БҰҰ-ның халықаралық және бүкіләлемдік күндерінің қатарына кіреді. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2013 жылы 23 тамызда бекітілген. БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық, спорттық, үкіметтік емес ұйымдар мен барлық мүдделі тарапты халықаралық спорт күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға шақырады.

Мәскеу трамвайының туған күні де 6 сәуірде тойланады. Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын, нақтырақ айтсақ, 1899 жылдың 6 сәуірінде Мәскеуде алғашқы электр трамвай іске қосылды. Мәскеуліктер жылы шырайлы кондукторы бар, бағасы қолжетімді трамвайды бірден жақсы көріп кетті. Оның үстіне трамвай қалаған жеріңе жету үшін ең ыңғайлы көлік саналды әрі экологиялық жағынан таза болатын.

         6 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1199 жылы Францияға қарсы соғыста ағылшын королі Арыстан Жүрек Ричард І  қаза тапты;

1652 жылы голландиялық Ян Ван Рибек Оңтүстік Африкада Кейптаун қамалын салды;

1818 жылы Парижде барон Карл Дрез алғашқы екі дөңгелекті қозғалыс құралын таныстырды (қазіргі велосипедтің алғашқы түрі);

1896 жылы Афиныда алғашқы заманауи Олимпиада ойындары ашылды.

         6 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Казақстан мен Канада, Казақстан мен Палестина дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталарымен алмасты;

1993 жылы Қазақстан мен «Шеврон» (АҚШ) мұнай корпорациясы арасында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім бекітілді;

1995 жылы Қарағанды қаласында ғалым Евней Бөкетов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды;

1999 жылы Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентінде батыр, шешен Балпық биге ескерткіш орнатылды.

         6 сәуірде әлемде туған танымал тұлғалар

1836 жылы орыс хирургі, профессор Николай Склифосовский дүниеге келді;

1923 жылы кеңестік кинорежиссер, сценарист, актер Василий Ордынский өмірге келді. РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). РКФСР халық әртісі (1974). Людмила Гурченконың бірінші күйеуі;

1970 жылы украиналық әнші және композитор, Украинаның халық әртісі (2008) Ирина Билык туды;

1975 жылы италиялық және ресейлік актриса Екатерина Архарова дүниеге келді (фильмдері: «Возвращение Титаника», «Каменская», «Волки»);

          6 сәуірде Қазақстанда кімдер туды

1938 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, А.Эйнштейн атындағы Халықаралық энергетика академиясының академигі болған Мұратбек Әлімжанов дүниеге келді;

1946 жылы дирижер Жамағат Темірғалиев туды;

1949 жылы суретші-кескіндемеші, этнограф-қарутанушы Қалиолла Ахметжан өмірге келді;

             Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бүгін барлық шаруаны ысырып қойып, демалып, көңіліңізді көтеріңіз. Ет жегенде абай болыңыз, уланып қалуыңыз мүмкін.



sputniknews.kz