28 наурыз: атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Григориан күнтізбесі бойынша 87-ші күн, жыл соңына дейін 278 күн бар

28 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

28 наурызда қандай қызықты оқиға болды

28 наурызда Ресей ІІМ кезекшілік бөлімі қызметкерлерінің кәсіби мейрамы аталып өтеді. Ресей аумағында бірнеше мың кезекшілік бөлім жұмыс істейді, олар жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді.   

Сонымен қатар бүгін Дүниежүзілік тарихшы күні.

28 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1837 жылы АҚШ-та Чикагоның негізі қаланды;

1891 жылы ауыр атлетикадан тұңғыш әлем чемпионаты өтті;

1857 жылы Санкт-Петербургте Ресейдегі алғашқы әйелдер гимназиясы ашылды;

1910 жылы Марсельде әлемдегі тұңғыш гидроплан (су бетіне қона алатын ұшақ) әуеге көтерілді;

1971 жылы «Жигули» автомобилі шығарыла бастады.

28 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1920 жылы Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарихының құжаттама орталығы  құрылды;

1994 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге алғаш рет ресми сапармен барып, Кремльде 23 құжатқа қол қойылды.

2009 жылы Алматыда Абылай хан атындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті;

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Азияның ең танымал әншісі» аталымында China Top Music Awards музыкалық сыйлығын алды.

28 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1868 жылы орыс жазушысы, прозашы, драматург Максим Горький дүниеге келді;

1925 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі Иннокентий Смоктуновский дүниеге келді;

1986 жылы америкалық әнші, продюсер, дизайнер және актриса Леди Гага дүниеге келді.

28 наурызда Қазақстанда кім туды

1923 жылы заң ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, екінші дүниежүзілік соғыс  ардагері Юрий Басин дүниеге келді;

1964 жылы Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры басқармасының төрағасы Ардақ Досжан дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бүгін өзіңізге деген сенімділік пен өз күшіңізді арттыруға жақсы мүмкіндік. Армандарыңызға жету үшін алдыңызға айқын мақсат қойып, оны орындауға білек сыбана кірісіп кету керек.



sputniknews.kz