атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 85-ші күн. Жыл соңына дейін 280 күн бар.

26 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

26 наурызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін — Халықаралық талма дертіне шалдыққандардың күні. Бұл мереке 2008 жылы пайда болған. Оған 9 жасар Меган Кессиди деген кішкентай қыз мұрындық болды. Көз ашқалы талма дертінен зардап шегіп келе жатқан қыз қоғамның жаңсақ түсінігін жойғысы келіп, өзі сияқты науқастардан қорықпауға шақырған. Кессидидің бұл мәлімдемесін Шотландиядағы эпилепсия қауымдастығы, кейін әлемнің өзге елдері де қолдады. Осылайша 26 наурызда халыққа талма ауруына шалдыққандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы жан-жақты ақпарат берілетін болды. Түрлі деңгейде жәрмеңкелер өткізіліп, одан түскен ақша осы дертке шалдыққандарға қайырымдылық ретінде жұмсалады. 

Бүгін Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні аталып өтеді. 1971 жылы наурыздың 26-сында азаттық қозғалысының басшысы Муджибур Шейх тәуелсіз Бангладеш Республикасының құрылғаны туралы декларация жариялады. Пәкістан үкіметі 1974 жылы Бангладеш тәуелсіздігін мойындады. Бангладеш — Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Астанасы — Дакка қаласы. Мемлекеттік тілі — бенгал тілі. Ақша бірлігі — така.

Бүгін Украинаның Ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің күні. Бұл мерекені Украина Жоғарғы Радасы «Украинаның Ішкі Істер Министрлігінің ішкі әскері туралы» заңды қабылдаған күннен бастап жыл сайын атап өтеді.

Бүгін, сондай-ақ, тәтті тағам түрі – нуганың күні екен. Басында бұл тәтті асты әзірлеу үшін ақуыз, бал, қуырылған жаңғақ, қант қосылған жемісті араластыратын. Оны ежелгі римдіктер ойлап тауыпты. Италия мен Испанияда нуга торрон немесе туррон деген атаумен белгілі. Оны жеңсік ас ретінде пайдаланады. 

26 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1845 жылы АҚШ медициналық пластырьді паттентеді;

1871 жылы Париж коммунасының кеңесі сайланды;

1881 жылы Румыния патшалық ретінде жарияланды;

1908 жылы Эдуард ханзаданың аралында (Канада) автокөлік қозғалысына түбегейлі тыйым салынды.

26 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1937 жылы Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезі өтіп, Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданды;

1993 жылы Қызылорда қаласында Арал теңізі мәселелері бойынша мемлекетаралық келісімге қол қойылды;

2011 жылы Алматыда «Ұлы дала үнсіздігі» атты халықаралық музыкалық жобаның тұсаукесері өтті.

26 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1911 жылы америкалық драматург, Пулицеровск сыйлығының иегері Теннесси Уильямс дүниеге келді;

1948 жылы америкалық музыкант, әнші, Aerosmith тобының көшбасшысы Стивен Тайлер дүниеге келді;

1973 жылы «Google» іздеу жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, өнертапқыш Ларри Пейдж Лоуренс дүниеге келді;

1985 жылы «Кариб теңізінің қарақшылары: Қара інжудің қарғысы» фильмінде басты рөлді ойнаған британ актрисасы Кира Найтли дүниеге келді.

26 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1890 жылы халық ақыны, әнші, композитор Нартай Бекежанов дүниеге келді;

1923 жылы диктор, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаев дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстанның бейнелеу өнері саласындағы алғашқы өнертанушы докторы, Халықаралық көркем сыншылар қауымдастығының мүшесі (AICA) Райхан Ерғалиева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Ренжімеңіз, бірақ бүгін сіздің күніңіз емес. Жұмысқа зауқыңыз жоқ, көңілкүйіңіз де болмайды, ешбір ісіңіз өнбей, берекеңіз кетеді. Сондықтан бүгін демалыс алып, саяхаттап, таза ауамен тыныстап қайтқаныңыз абзал.



sputniknews.kz